Canalblog
Editer l'article Suivre ce blog Administration + Créer mon blog
Publicité
Экономика
17 août 2007

Аққали КӨПТІЛЕУОВ «ҚАЗАТОМПРОМНЫҢ» КҮШЕЮІ АҚШ-ты

Аққали КӨПТІЛЕУОВ

«ҚАЗАТОМПРОМНЫҢ» КҮШЕЮІ АҚШ-ты АЛАҢДАТАДЫ

     Францияның «Фигаро» газеті осы аптада жапондық «Тошиба» корпорациясының «Қазатомпромға» Америкадағы атомдық реакторларды өндіруші болып табылатын «Вестингхауз» компаниясының 10 пайызын сатқанына көп көңіл бөлді. Оның мақаласының «Қазақстан уран саласында көшбастаушы болуды көздейді» (Elsa Bembaron «Le Kazakhstan vise le leadership dans l'uranium», le Figaro, Publié le 14 aout 2007 ж.) деген атының өзі көп нәрсені аңғартатын болса керек. Әлгі он пайыз бөлікті сатып алу үшін «Қазатомпром» 540 млн. доллар ақша шығарған көрінеді.

     Қазақстандықтардың көздегені өз саласында көшбастаушыға айналу болса, «Тошибаның» ойлағаны «Қазатомпром» сияқты қуатты әріптеспен жақындасу арқылы өзіне қажетті уранның бір бөлігін алаңсыз алып отыруға кепілдік алу екен. Жапондықтардың осылайша нені ұтқаны түсінікті. Алдағы уақытта энергетикалық шикізатқа қол жеткізу жолындағы шайқас күшейе түспек. Бұндай жағдайда «Тошиба» өзін онымен қамтамасыз ету көздерін кепілдендірудің жолын іздейді.  Ал «Қазатомпром» болса, өз кезегінде, уранды өңдеу технологияларын ауыстырып алу мүмкіндігіне ие болуға тиісті.

     Сонымен қатар, қазір уран өндіруші ретінде Австралия мен Канададан кейінгі үшінші орынды иемденетін Қазақстан тарапы 2010 жылға дейін осы салада бірінші орынға шығуды мақсат етеді. Бұған толықтай мүмкіндіктер бар десе де болады.

     Өйткені, біріншіден, қазір алғашқы орында жайғасқан Австралияда өте қатты антиядролық лобби бар. Ол сол елдегі уран өнеркәсібінің адымын әрі қарай аштыра қоймайды. Екіншіден, Қазақстанда әлемдік уран шикізатының 15 пайызы орналасқан деп есептеледі. Үшіншіден, «Қазатомпромның» 100 пайыз акциясын қазақстандық үкіметтің өзі ұстап отыр. Бұл - осы компанияны әлемдегі бірінші орынға шығаруды Қазақстан Республикасының өзі мақсат етеді деген сөз.

     Бірақ сол «Фигаро» газетінің айтуына қарағанда, «Қазатомпромның» «Вестингхауз» компаниясы капиталының құрамына енуі Америка Құрама Штаттарында сол бойда-ақ алаңдаушылық туғызған көрінеді. Бұған себеп болған – акцияларды сатып алушының Қазақстаннан екені.

Publicité
Publicité
Commentaires
Экономика
Publicité
Publicité